Париж Олимпиадасының ең жас спортшысы кім?

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының ең жас қатысушысы 11 жастағы қытайлық Чжэн Хаохао болды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Ол скейтборт турнирінен сынға түседі. Хаохао тамызда 12 жасқа толады. Ол Олимпиадаға қатысқан ең жас қытайлық спортшы атанады.

Чжен жазғы Олимпиада іріктеуінде 51,73 ұпай жинап, 44 қатысушы ішінде 20-орын алған.

Париждегі Олимпиада ойындары бүгін ресми түрде ашылады.

Еске салайық, Қазақстан биылғы Олимпиадада 25 спорт түрінен 82 жолдама жеңіп алған еді. Бірақ кеше қазақстандық теннисші Елена Рыбакина сырқаттанып қалуына байланысты Олимпиадаға қатыспайтыны хабарланған болатын.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *