Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа көлік берілді (видео)

Отандық компания Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа автокөлік сыйлады, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Нариман Құрбанов Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Ол Қазақстан қоржынына спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарының тарихи жүлдесін салды.

“Қазақстандық Allur автомобиль компаниясы оған жаңа Skoda Kodiaq көлігін сыйлады. Осылайша, Нариманның Қазақстан спортының тарихына қосқан үлесі бағаланып отыр”, – делінген ҚГФ ресми парақшасында.

Қазақстан гимнастика федерациясы аталған компанияға отандық спортқа қолдау білдіргені үшін алғыс айтты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Kazakhstan Gymnastics🇰🇿 (@kazgymfederation)

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *