Париж Олимпиадасының бокс турнирінде финалға ең көп боксшысы жеткен Өзбекстан құрамасы атанды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Олимпиада турнирінің барлық жеті салмақ дәрежесіндегі финалистері анықталды.
Финалистер саны бойынша абсолютті көшбасшы – Өзбекстан, оның бес боксшысы финалға шықты. Екінші орында Франция, турнир иелері екі боксшыны финалға жеткізді. Қазақстан, Қырғызстан, Куба, Мексика, Украина, Әзербайжан және Испаниядан бір-бір финалист шықты.
51 кг дейін: Билалль Беннама (Франция), Хасанбой Досматов (Өзбекстан).
57 кг дейін: Абдумәлік Халоков (Өзбекстан), Мунарбек Сейітбек уулу (Қырғызстан).
63,5 кг дейін: Софьян Умия (Франция), Эрисланди Альварес (Куба).
71 кг дейін: Асадхуджа Муйдинхуджаев (Өзбекстан), Марко Алонсо Верде Альварес (Мексика).
80 кг дейін: Нұрбек Оралбай (Қазақстан), Александр Хижняк (Украина).
92 кг дейін: Лорен Альфонсо Домингес (Әзірбайжан), Лазизбек Муллажонов (Өзбекстан).
92 кг-нан жоғары: Баходир Жалолов (Өзбекстан), Аюб Гадфа Дрисси (Испания).