Педри алаңға қашан оралады?

Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Педри алаңға қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Mundo Deportivo ақпараты бойынша, Педри жарақатына байланысты 1-1,5 ай ойнай алмайды. “Барселона” хавбегі тізе байламын созып алған.

Еске салайық, Педри Еуропа чемпионатының ширек финалында Германияға қарсы матчтың басында жарақат алған болатын. Испандар сол ойында турнир қожайындарын 2:1 есебімен жеңген еді.

Енді жартылай финалда Испания мен Франция құрамалары күш сынасады.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар