Португалия – Франция: аңыз бен жаңа жұлдыз. Болжам

Жанкүйерлер тағатсыздана күткен кездесу. Португалия мен Франция, Криштиану Роналду мен Килиан Мбаппе. Екі мықты құраманың бірі бүгін еліне қайтады. Олар Еуропа чемпионатының ширек финалы аясында кездеседі. “Екінші Тайм” арнасы болжам ұсынады.

Португалия мен Франция матчы 6 шілдеге қараған түні 00:00-де басталады. Матч Гамбургтегі «Фолькспаркштадионда» өтеді. Ойынды QazSport пен Qazaqstan телеарналары көрсетеді.

Португалия

Португалияны жұрт “Еуропадағы бразилиялықтар” деп атайды. Бірақ ойыны сол атаққа сай келмей тұр. Турнирді сәтті бастады, Чехия мен Түркиядан басым түсті. Мерзімінен бұрын топта бірінші орын алып қойды. Сондықтан Грузияға қарсы шыққан екінші құрамды ескермеуге де болар еді.

Бірақ 1/8 финалдағы Словенияға қарсы матч Португалия құрамасының проблемаларын көрсетіп берді. Роналдудың командасы 120 минут ішінде гол соға алмады. Криштианудың өзі овертаймда пенальтиден мүлт кетті. Тек пенальти сериясында қақпашы Диогу Кошта үш сейвпен құраманы ширек финалға алып шықты.

Сол ойында Португалия Словенияның қорғанысын қалай ашарын білмегендей, Роберто Мартинестің де шығарған тың футболшылары көмектеспеді. Ойын соңына қарай Португалия құрамасының шабуылында жылдамдық жоғалды. Пепе секілді ардагер ойыншылар да матч соңына қарай шаршап, қателікке бой алдырды.

Франция

Франция да бұл турнирде әдемі ойын көрсетіп жатыр дей алмайсыз. Төрт матчта ойыннан әлі гол соқпады. Топта бір мәрте ғана жеңіп, екінші орынмен шықты.

1/8 финалдағы Франция мен Бельгия текетіресін жанкүйерлер тағатсыздана күткенімен, сүреңсіз ойын болды. Мұнда да француздарға автогол көмектесті. 85-минутта Ян Вертонген допты өз қақпасына тоғытып алды. Осылайша, ширек финалға жеткен француздардың соққан доптары – екі автогол мен пенальти.

Дидье Дешам әлі де болса 2018 жылы әлем чемпионы қылған тактикасына иек артады. Жоғарғы прессинг жоқ, шабуыл қапталдан жасалады. Ол жақта Мбаппе, Дембеле, Гризманн ойнап жүр. Алаң ортасындағы футболшылар Канте-Тчуамени-Рабьо үштігі көбіне допты тартып алуға жауапты. Тек Рабьо арасында шабуылға араласып тұрады. Оның өзі бүгін Португалияға қарсы ойнамайды.

Өзара текетірес

Бұл 2016 жылғы финалдың қайталануы. Сол жылы ЕУРО финалында Португалия Францияны овертаймда жеңген болатын. Бұл португалиялықтардың жалғыз ресми жеңісі.

Француздар Португалияны екі рет ЕУРО-да, бір мәрте Ұлттар лигасында және бір рет әлем чемпионатында жеңген. Екі кездесу тең аяқталды.

Болжам қандай?

Екі құраманың атауына, футболшыларына қарасаң, ғажайып футбол күтеріміз анық. Бірақ Дешам да, Мартинес те сақ ойнайтын бапкерлер. Сондықтан бүгін ашық футбол көруіміз екіталай.

Ойында гол аз болуы ықтимал. Сол себепті матч тоталы 2.5-нан аз деген бәс жақсы таңдау болып тұр – 1.53 коэффицент.

Бұл ойында, сөзсіз, фаворит – Франция. Оларды негізгі уақытта минимал есеппен жеңуі ықтимал. 2.44 коэффицентке Францияның жеңісін таңдауыңызға болады.

Өз болжамыңызды пікірге қалдыра аласыз…

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

One Response

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар