«Қайрат» сапына ресейлік қорғаушы қосылды

«Қайрат» футбол клубы ресейлік 28 жастағы қорғаушы Егор Сорокинмен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келісімшарт 2025 жылғы маусымының соңына дейін жасалды.

Егор санкт-петербургтік СДЮСШОР-1 түлегі. Ресейде кәсіпқой деңгейде «Тосно», «Рубин», «Нефтехимик» пен «Краснодар» командаларында өнер көрсетті. Соңғы командасымен ол РПЛ-дың қола жүлдегері атанды.

2016 жылғы маусымды Сорокин «Ақтөбе» сапында өткізді. Қорғаушының кейінгі клубы «Елімай» болды. Ол командаға 2024 жылғы наурыз айында қосылған болатын. Семейлік команда сапында ол барлық турнирде 12 матч өткізді.

Сондай-ақ Ресей құрамасында 1 матчқа қатысқан еді.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *