Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды

Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды. Боксшылар командасын Қайрат Сәтжанов жаттықтыратын болды, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайрат  Сәтжанов бокстан Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы. Оның бапкерлік өтілі 34 жылды құрайды. 2021-2022 жылдары бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының  бас бапкері болып қызмет еткен. 2024 жылдан бастап жастар құрамасының аға жаттықтырушысы.

2021  жылы өткен  бокстан  әлем чемпионатында (Сербия) Қазақстан ерлер құрамасы 2 алтын,  2 күміс және 1 қола медальмен жалпы командалық есепте екінші орын алды.

2022 жылы Иорданияда өткен Азия біріншілігінде де  екінші орын иеленді (3 алтын, 6 күміс және 3 қола).

2024 жылы Астанада өткен жастар арасындағы Азия біріншілігінде Сәтжановтың жетекшілігімен Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орын алды (5 алтын, 1 күміс және 3 қола).

Жеке бапкер ретінде Сәтжанов бокстан 7 әлем, 43 Азия чемпионын тәрбиелген.

Қазіргі таңда жаңа бапкерлік құрам жасақталуда. Атап айтар болсақ, шетелдік кеңесші жаттықтырушылар, физикалық дайындық жөніндегі жаттықтырушы және  ғылыми топ мүшелері бар.

Сондай-ақ, командада  бас бапкердің жеке шәкірті болмауы қажеттігі жайлы талап қойылды.

«Қазіргі уақытта жаңа жаттықтырушылар құрамы құрылуда, оның ішінде: шетелдік жаттықтырушы маман, жалпы дене даярлығы бойынша жаттықтырушы, сондай-ақ ғылыми топ мамандары шақырылады.

Сонымен қатар, бас жаттықтырушының жеке шәкірті болмайды деген талап енгізілді», — деп жазды ҚБФ-нан.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *