“Қайраттан” Қазақстан құрамасының тағы бір ойыншысы кетті

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб “Қайрат” сапынан кетті, деп хабарлайды “Екінші Тайм” алматылық команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кнаубтың алматылық ұжыммен келісімшарты аяқталған.

Ойыншы «Қайратқа» 2023/24 жылғы маусымның ортасында келген еді. 39 матчқа қатысып, 21 гол соқты және 14 гол пасын шығарып берді.

Кнаубтың карьерасында “Жетісу”, “Каспий”, “Ақтөбе”, “Тұлпар” және ресейлік “Динамо” секілді клубтар болған.

Бұған дейін “Қайраттан” Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита кеткен еді. Ол ел чемпионы “Семейге” ауысқан болатын.

«Өлім тобы». «Семей» мен «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары кім?

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *