Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Париж Олимпиадасының ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
92 келіден жоғары салмақта сынға түсетін Қоңқабаев 1/8 финалда испаниялық Аюб Гафда Дрисси Эл Ассауимен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.
Енді испаниялық боксшы ширек финалда армениялық Давид Чалоянмен күш сынасады. Бұл кездесу 3 тамызда өтеді.
Айта кетейік, Қамшыбек Қоңқабаев – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. 2017 және 2019 жылдары әлемнің вице-чемпионы атанған. Әлем чемпионатында төрт рет күміс жүлдегер болған. Сонымен қатар, 2022 жылы Азия ойындарының да күміс медалін иеленген еді.
Еске салайық, бұл бокс турнирінде Қазақстан құрамасының екінші жеңілісі болып отыр – бұған дейін Исламбек Шымбергенов те қарсыласына есе жіберген еді.