BMX‑фристайлдан Олимпиада чемпионы аустралиялық Логан Мартинді Бельгияда бәзбіреулер Парижге сапар алдында тонап кеткен, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Спортшының айтуынша, 23 шілдеде кешке қарақшылар оның фургонының терезесін сындырып, жеке заттарын, оның ішінде әмиян мен жабдықтары бар сөмкелерді ұрлап кеткен. Сондай-ақ көлікте физиотерапиялық массаж үстелі де қолды болған.
Бақылау құрылғыларының арқасында Мартин мен оның командасы кейінірек жергілікті саябақта шашылған заттардың кейбірін тауыпты.
“Бақытыма орай, велосипедтерім фургонда болған жоқ. Бірақ велосипедке арналға сөмкелерім болды”, – деді спортшы.
Мартин 30 жаста, ол 2021 жылы Токио Олимпиадасының чемпионы атанғанн.
4