Тхэквондодан Тунис құрамасының өкілі Мохамед Халил Джендуби 2024 жылғы Олимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
58 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшыны Олимпиадаға қазақстандық бапкер Есбол Сұлтанов дайындаған.
Еске салайық, Сұлтанов команданы 2023 жылы қыркүйектен бастап жаттықтырады. Қазақстандық маманның жетекшілігімен Олимпиадаға Тунис елінен төрт тхэквондошы іріктелді. Бұл қола жүлде ел құрамасының үздік нәтижесі саналады.
Ал Қазақстан әзірше Олимпиадада тхэквондодан жетістіктермен мақтана алмайды.
29