Елордалық “Жеңіс” 26 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы Бруно Силвамен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Бруно – “Брага” клубының түлегі. Карьерасын 2014 жылы бастаған. Ал кейінгі клубы Португалия екінші дивизионында ойнайтын “Ланк Вила-Верди” болды. Футболшы “Жеңіске” еркін агент ретінде ауысты.
Transfermarkt порталының нұсқасы бойынша, ойыншының нарықтағы құны – 275 мың еуро.
Осы маусымда Қазақстан Премьер-лигасында төрт португалиялық ойнайды. Бруно Силвадан бөлек “Тобылда” Руи Кошта мен Педро Эуженио, “Қызылжарда” Рубен Брижиду өнер көрсетеді.
4