Қазақстан Париж Олимпиадасының 12-жарыс күнінде боксшы Нұрбек Оралбай мен дзюдошы Демеу Жадыраевтың күміс жүлдесінен кейін медальдар есебінде екі сатыға көтерілді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Кешегі жарыс күнін Қазақстан 30-орынмен бастаған, Оралбай мен Жадыраев финалда жеңіліп, күміс медаль алды. Қазір Қазақстан бір алтын, үш күміс және үш қола медальмен 28-орында.
Медальдар есебінде АҚШ көш басындағы орнын сақтап қалды – 27 алтын, 35 күміс және 32 қола. Қытай (25-23-17) екінші орында. Ал Аустралия (18-12-11) үшінші орында келеді.
Қазақстан көршілерінен Өзбекстанда бір алтын мен екі қола медаль бар, олар 43-орында тұр. Қырғызстан болса, бір күміс және үш қола жүлде еншілеп, 58-сатыда.
Бүгінде Париж Олимпиадасында барлығы 72 мемлекет жүлде жеңіп алды.
Парижде үш “күміс”. Демеу Жадыраев туралы не белгілі?