Қазақстан медальдар есебінде нешінші орында?

Қазақстан Париж Олимпиадасының төртінші жарыс күнінен кейін медальдар есебінде 12-орында қалды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Қазір Қазақстан құрамасы бір алтын және екі қола медальмен 12-орында тұр. Бұл орынға Оңтүстік Африкамен бірге орналасқан. 11-орында – екі алтын жүлдесі бар Германия құрамасы.

Қазір медальдар есебінде Жапония көш бастап тұр – 7 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль. Екінші орынға Қытай (6-6-2) көтерілді. Үздік үштікті Аустралия құрамасы (6-4-1) түйіндеп тұр. Кеше бір күміс және бір қола медаль еншілеген Франция (5-9-4) екінші орыннан төртінші сатыға түсіп қалды.

Қазақстан көршілерінен Өзбекстан 16-орында (бір алтын медаль), ал Қырғызстан мен Түрікменстан әзірше жүлде еншілей алмады.

Бүгінде Париж Олимпиадасында барлығы 35 мемлекет жүлде жеңіп алды.

Олимпиада кестесі: 31 шілдеде кімдер жарыс жолына шығады?

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *