Қазақстан медальдар есебінде нешінші орында тұр?

Қазақстан Париж Олимпиадасының тоғызыншы жарыс күнінен кейін медальдар есебінде төмендеді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Кешегі жарыс күнін ұлттық команда 26-орында бастаған. Ал қазір Қазақстан бір алтын, бір күміс және екі қола медальмен 29-орында. Бұл орынды Оңтүстік Африкамен бөлісіп тұр.

Медальдар есебінде АҚШ көш басына шықты – 19 алтын, 26 күміс және 26 қола. Қытай (19-15-11) екінші орынға түсті. Ал Франция (12-14-18) үшінші орында қалды.

Қазақстан көршілерінен Өзбекстанда бір алтын мен екі қола медаль бар, олар 31-орында тұр. Ал Қырғызстан мен Түрікменстан әзірше жүлде еншілей алмады.

Бүгінде Париж Олимпиадасында барлығы 61 мемлекет жүлде жеңіп алды.

Олимпиада кестесі: 5 тамызда кімдер жарыс жолына шығады?

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *