Қазақстан медальдар есебінде орнын сақтап қалды

Қазақстан Париж Олимпиадасының оныншы жарыс күнінен кейін медальдар есебінде өз орнында қалды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Қазір Қазақстан бір алтын, бір күміс және екі қола медальмен 29-орында. Бұл орынды Оңтүстік Африкамен бөлісіп тұр.

Медальдар есебінде АҚШ көш басындағы орнын сақтап қалды – 21 алтын, 30 күміс және 28 қола. Қытай (21-18-14) екінші орында. Ал Франция (13-16-19) үшінші орында қалды.

Қазақстан көршілерінен Өзбекстанда бір алтын мен екі қола медаль бар, олар 34-орында тұр. Ал Қырғызстан мен Түрікменстан әзірше жүлде еншілей алмады.

Бүгінде Париж Олимпиадасында барлығы 66 мемлекет жүлде жеңіп алды.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар