Қазақстан медальдар есебінде төмендеді. Өзбекстан нешінші орында?

Қазақстан Париж Олимпиадасының 13-жарыс күнінен кейін медальдар есебінде топ-30 қатарынан шығып қалды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Кешегі жарыс күнін Қазақстан 28-орынмен бастаған, 8 тамызда ел қоржынына жүлде түспеді. Қазір Қазақстан бір алтын, үш күміс және үш қола медальмен 31-орында.

Медальдар есебінде АҚШ көш басындағы орнын сақтап қалды – 30 алтын, 38 күміс және 35 қола. Қытай (29-25-19) екінші орында. Ал Аустралия (18-14-13) үшінші орында келеді.

Қазақстан көршілерінен Өзбекстанда үш алтын мен екі қола медаль бар, олар 18-орында тұр. Қырғызстан болса, бір күміс және үш қола жүлде еншілеп, 65-сатыда.

Бүгінде Париж Олимпиадасында барлығы 85 мемлекет жүлде жеңіп алды.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар