Қазақстан Париж Олимпиадасының 14-жарыс күнінен кейін медальдар есебінде төмендеді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Кешегі жарыс күнін Қазақстан 31-орынмен бастаған, 9 тамызда ел қоржынына жүлде түспеді. Қазір Қазақстан бір алтын, үш күміс және үш қола медальмен 36-орында.
Медальдар есебінде АҚШ көш басындағы орнын сақтап қалды – 33 алтын, 39 күміс және 39 қола. Қытай (33-27-23) екінші орында. Ал Аустралия (18-16-14) үшінші орында келеді.
Қазақстан көршілерінен Өзбекстанда бес алтын мен үш қола медаль бар, олар 14-орында тұр. Қырғызстан болса, бір күміс және үш қола жүлде еншілеп, 70-сатыда.
Бүгінде Париж Олимпиадасында барлығы 86 мемлекет жүлде жеңіп алды.
26