Қазақстан Париж Олимпиадасының 11-жарыс күнінде боксшы Назым Қызайбайдың қола жүлдесінен кейін медальдар есебінде бір сатыға төмендеді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Кешегі жарыс күнін Қазақстан 29-орынмен бастаған, бокстан Назым Қызайбай қола жүлдеге қол жеткізді. Қазір Қазақстан бір алтын, бір күміс және үш қола медальмен 30-орында.
Медальдар есебінде АҚШ көш басындағы орнын сақтап қалды – 24 алтын, 31 күміс және 31 қола. Қытай (22-21-16) екінші орында. Ал Аустралия (14-12-9) үшінші орынға көтерілді.
Қазақстан көршілерінен Өзбекстанда бір алтын мен екі қола медаль бар, олар 38-орында тұр. Қырғызстан болса, бір күміс және бір қола жүлде еншілеп, 55-сатыда.
Бүгінде Париж Олимпиадасында барлығы 69 мемлекет жүлде жеңіп алды.
31