Астанада самбодан өтіп жатқан әлем чемпионатында 72 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық Шынар Абатова қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
“Абатова Шынар самбодан қола медаль алды.
Отандасымыз спорттық самбодан әлем чемпионатында қола медалі үшін румыниялық палуанмен белдесіп, жеңіске жетті.
Жарыс Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатыр”, – деп жазды “Qazsport” телеарнасының баспасөз қызметі.
51