Қазақстан V Көшпенділер ойынына қанша жұмсайды?

Қазақстан V Көшпенділер ойынына 5,7 миллиард теңге жұмсайды. Бұл қаражатқа серіктестер мен демеушілер құятын ақша қосылып, осылайша жалпы бюджеті 8 млрд теңге болады, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі “Әшкере” telegram-арнасына сілтеме жасап.

Қазақпаратқа берген сұхбатында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция басшысы Наиль Нұров бұл көп қаражат екенін, бірақ 2011 жылы Азия ойындарына жұмсалған қаражат бұдан 20 есе көп екенін еске салды.

Ал “Қазақстанға мұндай жарыс не үшін керек?” деген сұраққа Нұров былай жауап берген:

“Менің ойымша, көшпенділер ойындарын өткізудің ең маңызды мақсаты – еліміздегі ұлттық спорт түрлерінің дамуына үлкен ықпал етуінде. Көшпенділер ойындары ұлттық спорт түрлерінде жаңа батырларды тәрбиелеуге қабілетті. Мені әрқашан таңғалдыратыны, көшеде жүрген кез келген адам біздің олимпиада чемпиондарының есімдерін атай алатыны, бірақ байге немесе көкпар сияқты ұлттық спорт батырларын көпшілік біле бермейді. Біз осы жарыстарды балалар мен жастар біздің ұлттық спорт түрлері туралы көбірек біліп, батырлардан шабыт алулары үшін өткіземіз”, – деді ол.

Туризм және спорт министрлігінің сайтында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қыркүйектің 8-і мен 13-і аралығында Астанада өтетіні жазылған. Ойынға 89 елден делегациялар қатысады деп күтілуде, бұл 2,5 мыңға жуық спортшы.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *