Қазақстандық бапкер Владимир Чебурин жаттықтыратын вильнюстік “Жальгирис” Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңінде финляндиялық ВПС командасын жеңді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Матч финляндиялық Ваасадағы “Хиеталахти” стадионында өтті. “Жальгирис” 2:1 есебімен жеңді.
Чебуриннің командасын Адама Фофана мен Юрий Кендыш гол соқты. Ал алаң иелері сапында Проспер Ахиабу қанжығасын майлады. ВПС матчты он футболшымен аяқтады – 72-минутта қорғаушы Микко Питкянен алаңнан қуылды.
Қарымта матч 18 шілдеде литвалық Вильнюсте өтеді.
3