Қазақстандық боксшы қыздардың Париж Олимпиадасындағы алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Әйелдер боксында ел намысын үш боксшы қорғайды – Назым Қызайбай (50 кг), Карина Ибрагимова (57 кг) және Валентина Хальзова (75 кг).
Олардың алғашқы қарсыластары:
50 кг. Назым Қызайбай (Қазақстан) — Джордана Соррентино (Италия)
57 кг. Карина Ибрагимова (Қазақстан) — Эшлионн Лосада Мотта (Пуэрто-Рико)
75 кг. Валентина Хальзова (Қазақстан) — Атейна Билон (Панама).
7