Қазақстандық жеңіл атлеттер Елизавета Матвеева мен Надежда Дубовицкая Париж Олимпиадасының іріктеу кезеңінде биікке секіру бәсекесінде сынға түсті, жеп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Қазақстандық спортшылардан бірінші болып Надежда Дубовицкая жарыс жолынан шығып қалды. Ол 1,83 метр биіктікті еңсергенімен, 1,88 метр межеге келгенде сүрінді.
Екінші қазақстандық жеңіл атлет Елизавета Матвеева 1,92 метр биіктікті бағындыра алмады.
Іріктеудің қорытындысы бойынша Надежда Дубовицкая 28-орын, Матвеева 19-орын алып, финалдық кезеңге жолдама ала алмады.
Айта кетейік, Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындары 11 тамызға дейін жалғасады.
Қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында 1 алтын, 2 қола медаль бар. Олимпиада ойындарындағы алты жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан медаль кестесінде Бельгия және Ирландия құрамаларымен 20-орында тұр.