Қазақстандық каноэшілер Олимпиаданың ширек финалында сынға түседі

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының 11-жарыс күнінде байдарка мен каноэде жүзу жарысында Мария Бровкова мен Руфина Искакова алдын ала кезеңінде бақ сынады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Қазақстандық спортшылар екі адамдық каноэмен 500 метрге жарысуда мәреге бесінші болып жетті. Жартылай финалға үздік нәтиже көрсеткен екі жұп тікелей жолдама алады. Ал қалған спортшылар, соның ішінде Бровкова мен Искакова ширек финалда сынға түседі.

Еске салайық, бүгін боксшы Назым Қызайбай Олимпиада ойындарының финалына шығуға тырысады. Әлем чемпионы Нора Джерута финалда бақ сынайды. Грек-рим күресінен Демеу Жадыраев жарыс жолына шығады.

Айта кетейік, Қазір Қазақстан бір алтын, бір күміс және екі қола медальмен 29-орында тұр.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар