Шпагамен семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы әлемдік рейтингте көтерілді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Халықаралық турнирлерде сәтті өнер көрсеткен қазақстандық семсерлесушілер әлемдік рейтингте 4-орынға көтерілді. Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 266 ұпай бар. Рейтингтің көш басында Жапония кұрамасы (388 ұпай) тұр. Екінші орында Венгрия (344 ұпай), ал үздік үштікті Франция құрамасы (332 ұпай) түйіндеді.
Айта кетейік, шпагамен семсерлесушілер Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай, Эльмира Әлімжанов және Вадим Шарлаимов осы маусымды сәтті өткізді. Спортшылар Азия чемпионатының финалдық кезеңінде әлем рейтингінің көшбасшысы Жапонияны жеңіп, Азия біріншілігінің жеңімпазы атанған еді.
30