Грекияның Месин қаласында арбадағы теннистен ITF Wheelchair Tennis Tour турнирі аяқталды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Ақтөбелік Жанат Үмітқұлова өз спорттық жолында жұптық сында алғаш рет осындай деңгейдегі жарыстың финалына дейін жетті..
Қазақстандық теннисші әлемнің 66-ракеткасы, латвиялық Диана Никифоровамен жұптасып, чемпиондық атақ үшін кездесуде болгариялық Зоя Чавдарова мен румыниялық Кристина Деактан жеңіліп қалды — 2:6, 3:6.
Биыл наурыз айында Паттайяда (Таиланд) арбадағы теннистен BNP Paribas World Team Cup командалық әлем чемпионатының Азия аймағы бойынша іріктеу кезеңі өткен еді. Іріктеу сайысына алғаш рет Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары қатысты.
28