Қазақстандық Кирилл Герасименко Париж Олимпиадасының үстел теннисі турнирінің екінші айналымында кездесуін өткізді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
1/16 финалда қазақстандық теннисшінің қарсыласы германиялық Данк Кью болды. Бұл матчта Кирилл керемет камбэк жасай алды. 1:3 есебімен жеңіліп жатып, жеңісті жұлып әкетті. Жалпы есеп – 4:3 (6:11, 11:6, 13:11, 5:11, 11:5, 11:9).
Еске салайық, Герасименко алғашқы айналымда Чили өкілі Николас Бургосты 4 сетте (11:4, 11:5, 12:10, 11:6) жеңген еді.
29