Қазақстандықтардың қатысуымен өткен жарыста бес рет Олимпиада рекорды жаңарды

Бүгін Олимпиада ойындарының 11-жарыс күнінде байдарка мен каноэде жүзу жарыстары өтті, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Қазақстандық спортшылар екі адамдық каноэмен 500 метрге жарысуда мәреге бесінші болып жетті. Хайдаров пен Емельянов 1 минут 45, 94 секунд уақытын көрсетті.

Сондай-ақ, жарыс барысында Олимпиада ойындарының рекорды үш рет жаңарды. Алдымен нейтрал тумен өнер көрсеткен Захар Петров пен Алексей Коровашков жаңа рекорд орнатты, кейін олардың нәтижелерін Испания мен Қытай спортшылары жаңартты – 1.38.65.

Олимпиада рекордын Лю Хао мен Чжи Боуен (1.37.40) орнатты. Әйелдер арасындағы жарыста да осындай жағдай болды.

Қазақстандықтар Мария Брокова мен Руфина Искакова іріктеу нәтижесі бойынша ширек финалға шықты (2.00.05), ал олимпиадалық рекорд екі рет жаңартылды. Соңғы рекордты канадалық жұп Слон Маккензи мен Кэти Винсент орнатты (1.54.16).

Тағы бір қазақстандық дуэт Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий байдаркамен 500 метрге жарысуда бақ сынап, бес жұп қатысқан жарыста қазақстандықтар мәре сызығын соңғы болып кесті.

Осылайша үш қазақстандық жұп Париж Олимпиадасының кешкі бағдарламасында жартылай финалға шығу үшін күресті жалғастырады.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар