35 жастағы сол қаптал қорғаушысы Тимур Досмағамбетов “Астанадан” еркін агент ретінде кетуі мүмкін, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
“Осы маусымның соңында мен “Астандан” кетемін бе? Иә”, — деді Досмағамбетов.
Қорғаушының “Астанамен” келісімшарты 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін есептелген.
Қорғаушы “Астана” сапына 2022 жылы жазда қарағандылық “Шахтермен” келісімшарты аяқталғаннан кейін ауысқан.
Футболшы Қазақстан құрамасы сапында 21 ойын өткізді.
55