Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының жартылай финалында белдесу өткізді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
66 келіге дейінгі салмақта Қырғызбаев бразилиялық Виллиан Лимамен күш сынасты. Лима 24 жаста, 2019 жылы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған. Биыл Панамерика чемпионатын жеңіп алған.
Бұл белдесуде Қырғызбаев қарсыласына жол беріп, Олимпиада ойындарының финалына шыға алмады. Енді ол қола медаль үшін таласады.
Қырғызбаев бұған дейін испаниялық Давид Гарсия Торнені жеңген, 1/8 финалда Оңтүстік Корея өкілі Ан Ба Ульден басым түскен болатын. Ал ширек финалда франциялық Валид Хярды иппон әдісімен жеңген еді.
Олимпиада кестесі: 28 шілдеде кімдер жарыс жолына шығады?
Париж Олимпиадасы: 28 шілдедегі нәтиже. LIVE