“Реал Мадрид” Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің төртінші турында күтпеген жерден “Миланнан” жеңіліп қалды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Кездесу Мадридте “Сантьяго Бернабеу” стадионында өтіп, 1:3 есебімен аяқталды.
OptaJose мәліметінше, “Реал” 2009 жылдың мамырынан бері алғаш рет барлық турнирде өз алаңында қатарынан екі ойында үш және одан көп гол жіберіп, жеңіліс тапты. 15 жыл бұрын Хуанде Рамос кезінде (2:6 “Барселонадан” және 1:3 “Мальоркадан”) дәл осылай екі рет жеңілген.
Қазіргі уақытта “Реал” төрт матчта 6 ұпай жинап, Чемпиондар лигасының жалпы кестесінде 17-орында тұр. Карло Анчелоттидің шәкірттері келесі ойынды 27 қарашада “Ливерпульге” қарсы сырт алаңда өткізеді.
17