“Реал Мадрид” “Тоттенхэм” мен Аргентина құрамасының орталық қорғаушысы Кристиан Ромероға көз тікті, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Өткен маусым аяқталғаннан кейін “корольдік клуб” капитаны Начо Фернандес командадан кеткен еді.
Белгілі журналист Гастон Эдульгенің ақпараты бойынша, тәжірибелі испан қорғаушысының орнына Ромеро келуі мүмкін еді, бірақ келісім жасалмады. “Реал” 26 жастағы аргентиналықты қазіргі трансферлік кезеңде сатып алуға дайын болғанымен, лондондық клуб келіссөзден бас тартты.
Кристиан Ромероны Transfermarkt сарапшылары 65 миллион еуроға бағалайды, ал футболшының “Тоттенхэммен” келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін есептелген.
Айта кетейік, ол 2022 жылы Аргентина құрамасымен бірге әлем чемпионы атанған.
4