Норвегия құрамасы мен “Манчестер Сити” шабуылшысы Эрлинг Холанд қаржылық фэйр-плей ережелерін бұзғаны үшін клуб санкцияларға тап болса, командадан кетуі мүмкін, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Defensa Central мәліметінше, 24 жастағы шабуылшыға “Реал Мадрид” қызығушылық танытып отыр. Алайда, манчестерлік клубы Холандты тек елеулі айыппұлдар немесе дивизионнан төмендеу қаупі төнген жағдайда ғана сатуға дайын.
“Пеп Гвардиола мен клуб жанкүйерлері қаржылық фэйр-плейге байланысты алаңдаулы. Клубқа 115-тен астам ережебұзушылық үшін жаза қолданылуы мүмкін. “Реал” басшылығы жағдайды мұқият бақылап, ыңғайлы сәтті күтіп отыр. Соңында Холанд Мадридке жол тартуы мүмкін”, – деп жазды сайт.
Бұл жағдайда “Реал” президенті Флорентино Перес шабуылшыға 200 миллион еуро сомасын ұсынбақ. Бұл Холандты сатып алудың болжамды жоспары. Олай болмаған жағдайда, оның “Реалға” ауысуы екіталай, себебі “Сити” онымен қош айтысуды жоспарлап отырған жоқ.
Холанд осы маусымда 14 матчта 14 гол соқты. Transfermarkt бағалауынша, оның нарықтық құны – 200 миллион еуро. Эрлинг әлемдегі ең қымбат ойыншы саналады.