“Реал Мадрид” жазғы трансферлік мақсат ретінде тек Ляпортты қарастырып жатыр

“Аль-Наср” қорғаушысы Эмерик Ляпорт “Реал Мадридке” ауысуы мүмкін, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, француз қорғаушысы қазіргі трансферлік терезедегі “Реалдың” жалғыз мақсаты болып отыр.

Алайда, бұл ауысуға “Реалдың” бірнеше шарттары кедергі келтіруі мүмкін. Атап айтқанда, мадридтік клуб ойыншыдан Сауд Арабиясындағы 24 миллион еуро көлеміндегі жалақысын төмендетуді талап етеді.

Сондай-ақ, “Реал Мадрид” футболшыдан қазіргі басшылығын оны тегін жіберуге көндіруін қалайды.

Ойыншының өзі өткен маусымда Сауд Арабиясындағы өмір сүру жағдайына риза еместігін білдірген болатын.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *