“Реал Мадрид” тарихи рекорд орнатты

“Реал Мадрид” маусымдағы табысы бір миллиард еуродан асқан алғашқы клуб атанды. Тарихта бұрын-соңды мұндай болмаған, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Клубтың ресми сайтындағы есеп бойынша, “Реалдың” табысы 1,073 миллиард еуро болған. Бұл алдыңғы маусыммен салыстырғанда 27 пайызға көп (843 млн еуро).

Пайыздар, салықтар, амортизацияны (EBITDA) алып тастағанда “Реалдың” табысы 156,3 миллион еуро болды. Таза табыс – 15,6 миллион еуро.

Айта кетейік, “Реал Мадрид” өткен маусымда Ла Лига, Чемпиондар лигасы мен Испания Суперкубогын жеңіп алған еді.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар