Рекорд! Испания Еуропа чемпионы атанды

Испания құрамасы футболдан Еуропа чемпионы атанды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Германиядағы Еуроның финалында Испания мен Англия құрамалары кездесті. Ойынның бірінші таймында гол соғылмады.

Екінші таймның басында испандар алға шықты – Нико Уильямс Ламин Ямальдің пасынан кейін гол соқты. Бірақ 73-минутта ағылшындар таразы басын теңестіре алды. Коул Палмер алыстан дәл соққы бағыттады.

Матч тағдыры 86-минутта шешілді. Испания құрамасының шабуылшысы Микель Оярсабаль өз командасына жеңіс сыйлады – 2:1.

Ойын соңына қарай Англияның есепті теңестіретін мүмкіндігі болған. Бірақ бұрыштамадан кейін Дани Ольмо допты ашық қақпа сызығынан алып шықты.

Осылайша, Испания құрамасы өз тарихында төртінші рет Еуропа чемпионы атанды. Еуроны испандардан көбірек жеңіп көрген ешкім жоқ.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

One Response

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *