Ресми: Эсмигүл Куюлова Париж Олимпиадасына жекелей сында қатысады

Қазақстандық дзюдошы Эсмигүл Куюлова Париж Олимпиадасында жекелей сында белдеседі. Бұл туралы федерацияның бас хатшысы Айбек Имашев мәлімдеді, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

“Эсмигул Куюлованың жекелей сында өнер көрсететіні расталды. Бұған дейін ол аралас командалық сайыста белдесуге квота алған болатын.

Енді оған тағы ұпайлар қосылып, Халықаралық дзюдо федерациясы Куюлованың 63 келіде жекелей сында күресетінін растады”,  – дейді Имашев ҚР ҰОК сайтына берген ресми сұхбатында.

Еске сала кетейік, Эсмигүл Куюлова дзюдодан Азия ойындарының (2023) және Азия чемпионатының (2024) қола жүлдегері.

Париж Олимпиадасында жалпы есебі сегіз дзюдошы бақ сынайды.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар