Роналду ЕУРО-мен қоштасты. Франция жартылай финалға шықты

Франция құрамасы ЕУРО-2024 жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды «Екінші Тайм».

2024 жылғы Еуропа чемпионатының ширек финалы аясында Португалия мен Франция құрамалары кездесті.

Матчтың негізгі уақытында есеп ашылмады. Португалиядан Бруну Фернандеш пен Витиньоның, Франциядан Рандаль Коло-Муани мен Эдуардо Камавинганың мүмкіндіктері болды. Ешкім пайдалана алмады.

Овертаймда да гол соғылмады – 0:0. Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Бұл тұста француздар дәлдік танытты. Португалия сапында Жоау Феликс пенальтиден мүлт кетті – доп бағанаға тиді.

Осылайша, Криштиану Роналду үшін Еуропа чемпионаты аяқталды. Бұл оның соңғы ЕУРО-сы болатын.

Ал Франция құрамасы енді жартылай финалда Испаниямен күш сынасады.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар