Роналдудың ЕУРО-дағы рекордтары

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Еуропа чемпионатында екі рекорд орнатты, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

39 жастағы футболшы Францияға қарсы матчтан кейінгі пенальти сериясында гол соқты. Ал 1/8 финалда Словенияға да пенальти сериясында гол салған.

Роналду Еуропа чемпионатының плэй-офф кезеңінде пенальти сериясында төрт гол соққан. Бұл турнир рекорды.

Одан бөлек, Роналду Еуропа чемпионаты аясында 30-матчын өткізді. Бұл да турнир рекорды саналады. ЕУРО тарихында Криштианудан көп ойнаған ешкім жоқ.

Бұл – Роналдудың алтыншы ЕУРО-сы болатын. Еуропа чемпионатына ешкім Роналдудан көп қатыспаған.

Криштиану дәл қазір Еуропа чемпионатының тарихындағы үздік сұрмерген саналады, ол барлығы 14 гол салған. Одан бөлек чехиялық Карел Поборскимен бірге ЕУРО тарихындағы үздік ассистент атанған болатын – екеуінде де 8 гол пасынан бар.

Еске салайық, Португалия Еуропа чемпионатының ширек финалдында Франциядан жеңіліп қалған болатын.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

One Response

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар