Әлемнің 4-ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон-2024 турнирінің үшінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда германиялық Лаура Зигемундты 6:3, 3:6, 6:3 есебімен жеңді.
Матч 2 сағат 12 минутқа созылды.
Уимблдонның әйелдер арасындағы жекелей сыны 1-13 шілде аралығында өтіп жатыр. Турнирдің қазіргі чемпионы – чехиялық Маркета Вондроушова. Ол былтыр финалда тунистік Онс Жаберді 6:4, 6:4 есебімен жеңген болатын.
Айта кетейік, 1/16 финалда Елена Каролин Возняцки (Дания) – Лейла Фернандес (Канада) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
3