LiveResult сайты Париж Олимпиадасының 1/8 финалында жұдырықтасатын қазақстандық Махмұд Сабырхан мен испаниялық Хосе Кильес жекпе-жегіне болжам жасады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
57 келіге дейінгі салмақтағы кездесу 31 шілдеде өтеді.
“Махмуд 22 жаста, боксшының бойы – 165 сантиметр. Спортшы Париждегі Олимпиада ойындарының бірінші іріктеу турнирінде қатарынан төрт жеңіске жетті: Летті, Саравутты, Тирадоны және Вохидовті қапы қалдырды.
Хосе 26 жаста, ол қарсыласынан ұзынырақ – 171 сантиметр. Кильес кәсіпқой рингке екі рет шықты. Әзірге бір жеңіс пен бір жеңіліс. 2023 жылғы Еуропа ойындарындағы өнерінің арқасында Олимпиадаға жолдама алды: төрт қарсыласын жеңіп, тек Ибаньестен жеңілді.
Сабырхан бұл жекпе-жектің айқын фавориті болып отыр. Боксшылар бұған дейін бір-бірімен ешқашан жұдырықтаспаған.
Болжам: біздің ойымызша, Хосе Кильес жеңіске жетеді”, – деп жазды басылым.