Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтің (13-0, 11 КО) АҚШ-тағы дебютінде кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Ахмедов келесі жекпе-жегін 31 тамызда Санта-Инес қаласында (АҚШ) өткізеді. BoxRec.com сайтының ақпараты бойынша, Ахмедовтің қарсыласы америкалық Антонио Тодд (17-10, 9 КО) болмақ. Орта салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.
Шоу промоутері кезінде Геннадий Головкинмен жұмыс істеген Том Леффлер болады.
Ахмедов соңғы жекпе-жегін 2022 жылы желтоқсанда Алматыда өткізіп, Оңтүстік Африка боксшысы Нкулулеко Мхлонгоны (23-12-1, 18 КО) мерзімінен бұрын жеңген.
6