Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев әлемдік додаларда еліміздің намысын қорғайтын шетелдік спортшыларды сатып алуға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.
«Легионерлер бойынша бұл әр мемлекетте бар практика. Әр елде легионерлерге көңілі көншімейтіндер табылады. Әрине, өз спортшыларымызды дайындауымыз керек.
Қажет жағдайда шетелден тәжірибелі жаттықтырушыларды тартып, олардан үйреніп, өз спортшыларымызды даярлау қажет», – деді Серік Сәпиев.
3