“Шағымым жоқ”. Бас бапкер Валентина Хальзованың жеңілісі жайында

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин Кazinform тілшісіне берген сұхбатында Валентина Хальзованың жеңілісі жайында пікір білдірді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

“Төреші кімнің қолын көтерді, сол жеңді. Кез келген спортшы, кез келген боксшы даусыз, таза жеңіске жету үшін қарсыласын айқын басымдықпен ұтуы керек. Сонда ғана ешкім күмәнданбайды”, – деді ол.

Сонымен қатар, бас бапкер төрешілер шешімімен келісетінін айтты.

“Менің шағымым жоқ. Хальзова өзі де жекпе-жектен кейін тілшілерге берген сұхбатында қалай жұдырықтасқанын, қай жерден қандай қателік жібергенін айтып берді ғой. Енді бұл тақырыпқа қайта оралудың керегі жоқ деп ойлаймын”, – деді Сайдалин.

Еске салайық, Валентина Хальзова 1/8 финалда панамалық Атеина Бибечи Билоннан жеңілген еді.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *