Шушеначевтің еурокубоктағы матчтарында қазақстандық төрешілер жұмыс істейді

Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінің матчтарына тағайындалды, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі ҚФФ сайтына сілтеме жасап.

Саят Қарабаев бастаған төрешілер бригадасы УЕФА Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңі аясындағы «Динамо» Батуми (Грузия) мен «Дечич» (Қаратау) арасындағы алғашқы матчта қызмет етеді. Оған Алексей Долгих пен Дмитрий Белоградов көмектессе, төртінші арбитр ретінде Рустам Омаров жұмыс істейді.

Ойын 24 шілде күні «Батуми Арена» стадионында Астана уақытымен 22:00-де басталады.

Сондай-ақ Данияр Сахи бастаған төрешілер «Хапоэль» Беэр-Шева (Израиль) мен «Черно море» (Болгария) арасындағы матчта төрешілік етеді. Көмекшілері: Сергей ВасютинСамат ТергеусізовСәкен Байымбет.

Айта кетейік, «Хапоэль» сапында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Артур Шушеначев өнер көрсетеді.

Матч 25 шілде күні сағат 22:00-де Болгариядағы «Ловеч» стадионында өтеді.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *