Швециялық спортшы әлем рекордын орнатты

Швециялық сырықпен секіруші Арман Дюплантис Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында әлем рекордын жаңартты, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

24 жастағы спортшы 6,25 метр биікке секіріп, 2024 жылы сәуірде тіркелген 6,24 метр рекордын жаңартты. Жаңа рекордты ол үшінші әрекетінде орнатты. Дюплантис бұған дейін Олимпиада рекордын қойған – 6,10 метр.

Олимпиаданың күміс жүлдегері америкалық Гэвин Сэм Кендрикс атанды, оның көрсеткіші 5 м 95 см болды. Үздік үштікті грекиялық спортшы Эммануэль Каралис түйіндеді, ол 5 м 90 см биіктікті бағындырды.

Осылайша, Арман Дюплантис екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Ол алғаш рет Олимпиада “алтынын” 2020 жылы Токиода жеңіп алған. Сондай-ақ, ол екі дүркін әлем чемпионы (2022, 2023) және үш дүркін Еуропа чемпионы (2018, 2022, 2024).

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар