Аргентина құрамасы мен “Интер Майами” шабуылшысы Лионель Месси Америка кубогы жайында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Месси бұл турнирді “соңғы майдан” деп атады.
“Құрама ретінде, толыққанды бір команда ретінде осы уақытымыздан ләззат алайық: финалға шығу оңай болған жоқ, тағы да чемпион атағына таласа аламыз. Бұл қиын болды, бірақ қолымыздан келді.
Басқалармен бірге осы сәтке жеткенімізге қуаныштымын және Ди Мария, Отаменди секілді бұл біздің соңғы майданымыз екенін түсінемін”, – деді Месси.
Бұған дейін Анхель Ди Мария биылғы Америка кубогынан кейін Аргентина құрамасындағы карьерасын аяқтайтынын айтқан еді.
Месси биылғы Америка кубогында төрт матч өткізіп, бір гол мен бір нәтижелі пастың авторы атанған болатын.
3