Спорт шенеунігі бюджет қаражатын жымқырған

Олимпиада түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясының басшысы 60 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлағаны және қарамағындағы қызметкерден 4 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тіңлшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшыларға арналған спорт залдарын тегін алу мүмкіндігі бола тұра, оларды жалға алу туралы еншілес тұлғалармен мемлекеттік сатып алу шарттары жасалып, оқу-жаттығу жиындарына бөлінген бюджет қаражаты жымқырылған.

“Сонымен қатар, басшымен бірге бюджет қаражатын ұрлауға көмектескені үшін Дирекция қызметкері де сотталды, – деді Астана қаласының прокуратурасы.

Мемлекеттік айыптаушы сотқа барлық дәлелдемелерді ұсына отырып, сотталушылардың кінәсіздігі туралы уәждерін жоққа шығарды.

Сот үкімімен әрқайсысына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, басшы 5 жылға, ал оның көмектесушісі 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Үкім заңды күшіне енді.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *