Станислав Черчесов Ұлттар лигасына дайындық туралы айтты

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов УЕФА Ұлттар лигасына дайындық туралы айтты, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

6 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Алматыда УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясында Норвегияға қарсы ойын өткізеді.

“Астанадағы стадионда жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, үйдегі үш матчымыз да Алматыда өтеді деп жоспарланып отыр. Футболшы кезімде бұл стадионда мен де ойнадым. Алаңның сапасы жақсы, көгалы да керемет. Жанкүйерлер бізді қолдап, матчта аншлаг болады деп үміттенемін. Айтпақшы, Алматыда әйелдер де, жастар да футбол көруге баратынын байқадым. Қазақстанда футболға деген қызығушылық артып келе жатқанын түсіндім, сондықтан біздің міндетіміз – бұған ықпал ету”, – деді Черчесов.

Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасында Норвегия, Словения және Аустриямен бір топқа түскен еді. Черчесов осы қарсыластар туралы не ойлайтынын айтты.

“Мен Словения мен Аустрия командаларын Еуро-2024 турнирінде өз көзіммен көрдім. Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы өткен іріктеу циклінде Словениямен кездесті. Сондықтан Магомед бізге қызық әрі пайдалы ақпарат бере алады деп ойлаймын. Норвегиялықтарға келетін болсақ, мен оларды әзірге тек видеодан көрдім. Ұлттар лигасындағы тобымыз күрделі, бірақ қызық”, – деді бас бапкер.

Еске салайық, Станислав Черчесов маусымда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалған еді.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *